Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

10 ақпан 2009
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаев Норвегияның Қазақстандағы Елшісі Метте Конгсхемді қабылдады.

Әңгіме барысында Қ.Саудабаев екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың жылдан-жылға қарқынды дамып отырғанын атап өтті. Норвегия Үкіметінің биылғы жылы Қазақстанда өз Елшілігін ашу жөніндегі шешімі соның айқын дәлелі болып табылады.


- Біз бұл шешімді достық қатынастар мен өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды қадам ретінде бағалаймыз. Сондай-ақ Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға табысты төрағалық етуіне дайындық және ядролық қауіпсіздік сияқты бағыттарда да ынтымақтастық нығайып келеді, - деді Мемхатшы.


Қазақстан мен Норвегия жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесінде ортақ көзқарасты ұстанады. Қазақстан 2009 жылғы 24 наурызда Осло қаласында қарусыздану және жаппай қырып-жою қаруларын таратпау туралы халықаралық конференция өткізу ұсынысын қолдайды.


Кездесуде Норвегиямен арадағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың маңызы аталып өтті. 2008 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 743,1 млн. долларды (экспорт – 48,1 млн., импорт – 695 млн.) құрады, бұл 2007 жылғы көрсеткіштен шамамен алты есеге жоғары.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар