Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

22 желтоқсан 2011
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Отырыста Қазақстанның азаматтығын қабылдағысы келген шетелдік тұлғалардың өтініштері қаралды.

«Біздің еліміздің азаматы болуға ұмтылып, әр елден келген адамдардың ағыны ұдайы арта түсуде. Бұл  тәуелсіздіктің 20 жылында Тұңғыш Президенттің  басшылығымен қол жеткізілген Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси табыстарының тағы бір айқын дәлелі, - деп атап өтті Қ.Саудабаев. - Біз тәуелсіз Қазақстанның жаңа азаматтарын қарсы алуға қуаныштымыз және жаңадан тапқан Отанында оларға денсаулық, амандық және жемісті жұмыс тілейміз. Енді тиісті мемлекеттік органдардың міндеті - олардың тездетіп бейімделуін қамтамасыз ету мәселелерін жедел және жауапкершілікпен шешу».

Мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойғаннан кейін ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген 700-ден астам адам Қазақстан Республикасының азаматтары болады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар