Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 ақпан 2009
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және барлау қызметін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

Осы актіге сәйкес, 2007-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік стратегиясының негізгі ережелерін іске асыру, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін нығайту және арнайы қызметтерінің құрылымын оңтайландыру мақсатында, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган ретінде Қазақстан Республикасының «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі құрылды.


Осы Жарлықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Барлау» қызметі таратылды.


Қазақстан Республикасының Үкіметіне «Сырбар» қызметін материалдық-техникалық, қаржылық жағынан қамтамасыз ету және үш ай мерзімде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, «Сыртқы барлау туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заңдарының жобаларын әзірлеп, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізу жүктелді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар