Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 қыркүйек 2006
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттарына ресми сапарының қорытындысы бойынша Қазақстан-американ Бірлескен мәлімдемесі қабылданды.

- Біз Қазақстан мен Құрама Шттаттар стратегиялық әріптестік бағытында қол жеткізген табыстарға қанағаттанушылық білдіреміз және Орталық Азия мен одан сыртқары жерлердегі тұрақтылыққа, өсіп-өркендеуге және демократиялық реформаларға ортақ пікірге біздің адалдығымызды білдіреміз.

 
Құрама Штаттар Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиясына сәйкес Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену жөніндегі жоспарын қолдайды.

 
Құрама Штаттар Қазақстанды Дүниежүзілік Сауда Ұйымына мүшелікке өтуге деген ұмтылысын қолдайды және рынокқа қол жеткізу туралы келісім еркін саудаға ықпал етіп, жаңартылуы жалғастырылып жатқан Қазақстан экономикасына үлес қосатынын мойындай отырып, Қазақстанның мүшелікке дайындық бағытындағы күш-жігерін қолдайды.

 
Құрама Штаттар Қазақстанның Еуразия мен Ауғанстанға айтарлықтай инвестицияларын қоса алғанда өңірлік интеграциялардағы көшбасшылығын қолдайды.

 
Бүгін қол жеткізген уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша ортақ көзқарас танытуды қуаттай отырып, біз энергетика, әскери ынтымақтастық, сауда-саттық пен инвестициялар, демократияландыру жөніндегі стратегиялық үнқатысуларды әрі қарай да стратегиялық әріптестік жолымен нығайта түсуге ниеттес екенімізді білдіреміз. Біздің елдеріміздің стратегиялық әріптестігін кеңейту XXI ғасырда қауіпсіздікке, өсіп-өркендеуге және демократияны дамытуға оң ықпал ететініне нық сенімді екенімізді білдіреміз, - делінген Бірлескен мәлімдемеде.

 

Бірлескен мәлімдеменің мәтінін қараңыз.

 
Сапар аясында сондай-ақ Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі мен АҚШ Федеральдық теміржол басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен “Federal Express Corporation” арасындағы халықаралық әуе жүк тасымалы туралы келісімге, Ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар