Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 шілде 2006
Қазақстан Республикасының Президенті, Тәуелсіз мемлекеттер Достастығының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Сегіздік тобы» мемлекет және үкімет басшыларының саммитке шақырылған мемлекеттер және халықаралық ұйымдар жетекшілерімен өткізген жұмыс отырысына қатысып, сөз сөйледі. Отырыс Константин сарайының Мәрмәр залында өтті.

187.jpg

188.jpg

«Үлкен сегіздік» саммитінің бірлескен отырысына сондай-ақ Үндістанның Премьер-Министрі Манмохан Сингх, ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао, Бразилия Президенті  Луис Инасиу Лула да Силва, Конго Президенті, Африка Одағының Төрағасы Дени Сассу Нгессо, Мексика Президенті Висенте Фокс Кесада, ОАР Президенті Табо Мвуйелва Мбеки,  БҰҰ Бас хатшысы Кофи Аннан, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Бас директоры Мохаммед Эль-Барадей, Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі (ЮНЕСКО) Бас директоры Коитиро Муцуура, Халықаралық энергетикалық агенттіктің  (МЭА) атқарушы директоры Клод Мандиль, Бүкілдүиежүзілік банк төрағасы  Пол Вулфовиц және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ВОЗ) бас директорының міндетін атқарушы Андерс Нордстрем қатысты. Кездесу қорытындысында «Сегіздік тобы» мемлекет және үкімет басшылары және саммитке шақырылған мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар жетекшілері Бірлескен мәлімдеме қабылдады.

Аталған құжатта 2006 жылдың 11 шілдесінде Үндістанның Мумбаи және осы елдің басқа да жерлерінде қаныпезерлікпен жасалған лаңкестік актілерге наразылық білдірілген.

-Әрбір елге, сондай-ақ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер төндіріп отырған лаңкестікке қарсы күресте біз Үндістанмен бірге күш-жігерімізді біріктіруге бел буамыз,- делінген Бірлескен мәлімдемеде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар