Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

14 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысы «Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс он сегізінші сессиясын шақыру туралы» Өкімге қол қойды.

«Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс он сегізінші сессиясын шақыру туралы»

1. Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс он сегізінші сессиясы 2012 жылғы 16 қаңтар күні Астана қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы» атты күн тәртібімен шақырылсын.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының кезектен тыс он сегізінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда

2011 жылғы 14 желтоқсан

№ 57


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар