Жаңалықтар

14 желтоқсан 2011
Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы" Жарлыққа қол қойды.

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы"

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару кезінде көрсеткен батылдығы мен жанқиярлығы үшін «Халық қаһарманы» атағы Жамбыл облысы Ішкі істер департаменті жол полициясы жеке батальонының взвод командирі (марқұм) Байтасов Ғазиз Әбдібекұлына берілсін.

2. Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және  өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері  үшін «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы «Қазақ мұнай және газ институты» АҚ бас директоры, Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлына, «Интеграция» халықаралық қоры басқармасының төрағасы Терещенко Сергей Александровичке берілсін.

3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда,

2011 жылғы 12 желтоқсан

№ 188


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар