Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

13 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының ІІ съезінің қорытындыларына орай қазақстандық және шетелдік журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

293.jpg

294.jpg

- Мен барлық қатысушылар мен меймандарға осы форумды қолдағандары үшін тағы да алғыс айтқым келеді. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының Съезге айрықша көңіл бөліп, оның жұмысын кеңінен насихаттағаны үшін асқан ризашылығымызды білдіреміз, - деді Президент баспасөз мәслихатының ашылуында.

Мемлекет басшысы бүгін аяқталған Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІ съезінің бірқатар қорытындыларына тоқталды.

 
Нұрсұлтан Назарбаев өткен форумның ерекшеліктері қатарында осы Съезге көптеген әлем діндері өкілдері мен қоғам қайраткерлерінің қатысуын және олардың осындай диалогтың негіздері ретінде адалдықты, төзімділікті, мойынсұнғандықты, өзара сыйластықты, барлық әріптестердің тең құқықтылығын, діндер арасындағы айырмашылықты тануды әрі құрметтеушілікті, Дінаралық диалог принциптерін қабылдауын атап көрсетті. Мемлекет басшысы Съезде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшылары ІІ съезінің декларациясы тәрізді маңызды қорытынды құжаттың қабылданғанын атап өтті. Онда дүние жүзіндегі түрлі діндерді ұста¬на¬тын барша адамзатқа өзара жауласушылық пен өш¬пенділіктен бас тартып, өзара құрмет ауа¬нын¬да өмір сүру және мәдени, діни және өркениет¬тік саналуандықты мойындау жөнінде үндеу жария етілді. Съезд халықаралық қоғамдастық¬ты өр¬кениеттер арасындағы үдеріске қолдау көр¬сетуге, әлемде әділеттіліктің салтанат құруына жәр¬демдесуге, ядролық қаруды дайындау, өндіру және иелену әрекеттерінен толық бас тартуға ша¬қырды. Сондай-ақ, бұл құжатта БҰҰ Бас хатшылығына өркениеттер, мәдениеттер және діндер арасындағы үнқатысуды алға бастыруда Съездің тұжырымдамалық және практикалық рөлін мойындап, оның алдағы қызметіне қолдау көрсету жөнінде ұсыныс білдірілген. Съезд бүкіл адамзаттың қауіпсіз әрі лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету проблемаларын шешуде дін қайраткерлерінің рөлі артып отырғандығын көрсетті. Бұл мәселеде дін – ең белсенді деген ұстанымға ие бола отырып, қазіргі заманды үйлесімділікпен жа¬ңарту мақсатында діни дәстүрлерді үндес¬тірудің ізгі жолдарын іздестіруге дайын. Сондай-ақ Съезд аясында Халықаралық деңгейдегі мәдениеттер мен діндер орталығын құру жөніндегі бастама қолдау тапты. Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының келесі съезі 2009 жылы Астанада өткізілетін болды.

 
- Әлемдік діндер басшыларының ІІ съезінің өткізіліп, оның Декларациясының қабылдануының өзі әлемде бейбітшілікті сақтау, жер жүзіндегі халықтардың, түрлі ұлттар мен діндер өкілдерінің өзара түсіністік пен төзімділігін нығайтуға үлкен үлес қосты, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Баспасөз мәслихаты барысында Мемлекет басшысы қазақстандық және шетелдік журналистердің сұрақтарына жауап берді.

 

Мемлекет басшысының Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері екінші съезінің қорытындыларына орай өткізген баспасөз мәслихаты туралы материалды қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар