Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 шілде 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ ауыл шаруашылығы министрі Майкл Йоханнсонды қабылдады.

-Құрама Штаттар мен Қазақстан стратегиялық серіктестер болып табылады. Президент Н.Назарбаев басшылық ететін Қазақстан өңірдегі көшбасшы болып табылады. Біз қазірдің өзінде Қазақстанның көшбасшы екенін көріп отырмыз, бұл сіздердің елдеріңізге ғана емес, бүкіл өңір үшін де аса тиімді болмақ.  
Қазақстан мен сіздердің Президенттеріңіз лаңкестікке қарсы күресте үлкен қолдау көрсетті. Біз Қазақстанның Бүкіләлемдік Сауда Ұйымына кіруіне қолдау көрсетеміз.  
Қазақстанда жүргізілген экономикалық реформалар да таңданыс туғызады. Осының барлығы бізді жігерлендіре түседі. Сондықтан да 300-ден астам американдық компания Қазақстанда өз бизнестерін жүргізуге қызығушылық танытты,- деді М.Йоханнс журналистерге арналған брифингте


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар