Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 мамыр 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті және Қостанай облысының әкімі Сергей Кулагинді қабылдады.

А.Есімов Алматы қаласының әкімшілік-аумақтық жүйесін жетілдіру жөніндегі Президент тапсырмасының орындалу барысы туралы баяндады. Бұл шаһар төңірегінде стихиялы түрде пайда болған ауылдардағы тұрғындардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмектесуге тиіс.


- Сондай-ақ мен 2011 жылғы Азиялық ойындарды ойдағыдай өткізу үшін қажетті инфрақұрылымдарды құру барысы жөнінде есеп бердім. Осы мәселелердің барлығы Мемлекет басшысының тұрақты бақылауында, - деді А.Есімов журналистерге арналған брифингте.


Кеше Елбасы Қостанай облысының әкімі С.Кулагинді қабылдады. Әкім Нұрсұлтан Назарбаевты облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы және биылғы егіс науқанының барысымен таныстырды.


С.Кулагин сондай-ақ Қазақстан мен Ресей шекаралас өңірлерінің ағымдағы жылдың күзіне жоспарланып отырған форумын өткізуге Қостанай қаласының дайындығы туралы жеткізді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар