Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 желтоқсан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» сапа саласындағы және «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі саласындағы Президент сыйлықтарының лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысты.
003.jpg21

«Қазақстан» орталық концерт залының ғимаратына келіп кіргеннен кейін, Президент Қазақстан Республикасының жылжымалы өндірістік медициналық кешенімен танысты. Дөңгелекті емхана түріндегі бұл кешен заманауи жабдықтармен жабдықталған, алыс елді мекендерде тұратын Қазақстан азаматтарына медициналық қызмет көрсетуге арналған. Одан кейін Мемлекет басшысы «Қазақстан» ОКЗ-дағы алаңда орналасқан инновациялық әзірлемелер мен индустриалдық нысандар үлгісінің көрмесін аралады және облыс әкімдерінің өңірлердегі индустриалдық жобаларды жүзеге асыру туралы, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен ұлттық холдингтердің басшыларының 2010 жылғы индустрияландыру қорытындысы және 2010 жылға арналған нақты міндеттер жөніндегі есептерін тыңдады.

2010 жылға арналған Қазақстанның үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасын іске асыруының қорытынды таныстырылымынан кейін телекөпір болып өтті. Телекөпір барысында Қазақстанның өңірлеріндегі кәсіпорындардың жетекшілері Президентке еліміздің үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуы бағдарламасының аясында жүзеге асырылған жобалардың іске қосуға дайындығы туралы баяндады.

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев «Алтын сапа» және «Парыз» конкурстарының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне қатысты. «Алтын сапа» сыйлығы өнімдер немесе қызмет көрсету сапасы саласындағы жақсы нәтижеге қол жеткізгені, олардың қауіпсіздігігін қамтамасыз етуде, сондай-ақ мекемелерге заманауи менеджмент жүйесін енгізгені үшін конкурстық негізде беріледі. Жыл сайын өткізілетін «Парыз» конкурсының мақсаты өз жұмысшылары мен қоғам үшін әлеуметтік мәселелерді шешетін жекеменшік кәсіпкерлік субъектілерін ынтыландыру болып табылады.

Биылғы жылы «Алтын сапа» сапа саласындағы Президент сыйлығы үшін жарияланған конкурсқа 207 компания қатысқан. Сондай-ақ биыл «Индустриалды серпіліс» және «Инновациялық серпіліс» атты жаңа сыйлықтар белгіленді.

Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстан Президентінің бастамасы бойынша бекітілген сапа және әлеуметтік жауапкершілік салаларындағы жалпыұлттық конкурстарға қатысу қазақстандық бизнес үшін маңызды ынталандыру болып табылатынын атап өтті.

- Бүгін біз өтіп бара жатқан жылдың маңызды қорытындысын салтанатты түрде шығарып отырмыз. Еліміздің ІЖӨ 7 пайыздан астамға, өнеркәсіп өндірісі 10 пайызға, өңдеуші өнеркәсіп 19 пайызға өсті. Біз 2020 жылға дейінгі Страгиялық даму жоспарының алғашқы онжылдығының міндеттерін, үдемелі индустриалдық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудамыз. Биылғы жылы Қазақстан, Ресей және Беларусь Кеден одағы өз жұмысын бастады. 2012 жылғы Бірыңғай экономикалық кеңістікті құруға негіз болған 17 келісімге қол қойылды. Бұл қазақстандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Бүгінде «Алтын сапа» сыйлығының лауреаты атану және «Қазақстанның үздік тауары» - жоғары бағасына ие болу – үлкен абырой. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып келеді. Биыл үшінші жыл өткізіліп отырған «Парыз» байқауы бизнес өкілдерін осы бағытта ынталандыра түседі деп білемін, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

2010 жылғы 1 қаңтардан  бастап Президенттің тапсырмасымен 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік  бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаның негізгі мақсаты - экономиканы әртараптандыру, қазақстандық қамтуды ұлғайту,  шағын және орта бизнес үшін мүмкіндіктерді мультипликациялау, шикізаттық емес экспорттық әлеуетті арттыру, жоғары технологиялық өндірісті болашақтың экономикасына көшу. Индустрияландырудың алғашқы жылында-ақ шамамен 800 млрд. теңгеге 152 өнеркәсіптік нысан іске қосылып, 24  мыңға жуық жұмыс орны ашылды.  Индустрияландыру картасы жаңарғаннан кейін 161 мың  тұрақты жұмыс орны және құрылыс кезеңінде 207 мың жұмыс орны ашылып, 8,1 трлн. теңге сомасына 294 жоба ішінен тізбе құрылды.

- Жаңа міндеттер экономиканың инновациялық дамуының жаңа қағидаттарын алға қоюда. Қазақстандық бизнес халықаралық сауданың белсенді қатысушысы болуы тиіс. Бәрінен бұрын, біз Кеден одағының әлеуетін, сондай-ақ Қытайды қоса есептегенде, өзге де дамыған рыноктардың әлеуетін толық пайдалануымыз керек. Сонда ғана біз «Қазақстанда жасалған» бренді жоғары сапа белгісі ретінде қабылданатын уақытты жақындата түсеміз, - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

2010 жылғы «Алтын сапа» сыйлығы «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» аталымы бойынша биылғы жылы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» - «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ-ға (Астана қаласы) және «Oxy-Textile» АҚ-ға (Оңтүстік Қазақстан облысы) берілді. «Халық үшін тауарлар шығаратын үздік кәсіпорын» аталымы бойынша «RG Brands Kazakhstan» ЖШС (Алматы облысы) және «Родина Агрофирмасы» ЖШС (Ақмола облысы) лауреаттар атанды. Ал «Хан Шатыр» ЖШС (Астана қаласы) және «Кардиохиругия орталығы» ЖШС (Жамбыл облысы) «Қызмет көрсететін үздік кәсіпорын» аталымы бойынша сыйлықтармен марапатталды.

2010 жылғы «Парыз» Гран При «СПНС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-ға берілді. «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» аталымы бойынша «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В.», «Үздік ұжымдық шарт» аталымы бойынша – «Эйр Астана» АҚ, «Үздік әлеуметтік-жауапкершілік кәсіпорны» аталымы бойынша – «Қазмырыш» ЖШС-не бірінші орын берілді. Ал «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ «Индустриалдық серпіліс» аталымы бойынша және «Алтынтау Көкшетау» ЖШС «Инновациялық серпіліс» аталымы бойынша Мемлекет басшысының арнаулы сыйлығының лауреаттары атанды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар