Жаңалықтар

6 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Arcelor Mittal» компаниясының бас атқарушы директоры Лакшми Митталды қабылдады.

Кездесу кезінде металлургия саласын дамыту мен Қазақстанда ірі инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


- Мен Мемлекет басшысын «Испат Кармет» комбинатының ағымдағы қызметі мен даму жоспары туралы хабардар еттім. 1995 жылдан бері аталған компания екі миллиард долларға жуық инвестиция салды. Сондай-ақ біз еңбек қауіпсіздігін жақсарту бойынша бірқатар бастамаларды жүзеге асыра бастадық және бүгін алғаш рет Қауіпсіздік және денсаулық күнін өткіздік. Мұндай күндерді өткізу болашақта «Арселор Миттал» компанияларының барлық кәсіпорындарында дәстүрлі тәжірибеге айналады - деді Л.Миттал журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар