Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

19 тамыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана қаласының бас жоспары ғылыми-зерттеу институты» МКК-да болды.
01.jpgГП

Астананың бас жоспарында елорданы одан әр дамыту, қаланың заманауи коммуналдық, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымын қалыптастыру мәселелері талқыланды.

Президентке қаланың жаңа обектілерінің – медиа орталықтың, мектеп оқушыларының шығармашылық сарайы, Қазақстан тарихы мұражайының, жабық тұрғын үй кешенінің жобалары таныстырылды.

Жаңа медиа-орталықта аймақтағы ең үлкен әрі қазіргі заман талаптарына толықтай жауап бере алатын телевизиялық кешен орналасады. Жалпы аумағы 45 мың шаршы метрді құрайтын Оқушылар сарайында планетарий, мұражай, кітапхана, спорт және би залдары мен өзге де бөлмелер орналасады. Қазақстан тарихы мұражайы жаңа алаңға жақын жерде, «Қазақ Елі» монументіне таяу орын тебеді. Ғимарат жобасы модерн стилінде, бірақ қазақтың ұлттық нақышы ескеріліп жасалған.   

Астана қаласының бірегей құрылыстарының бірі таяу күндері ашылатын жабық кешен болмақ. Оның орасан зор күмбезінің астында толық инфрақұрылымы бар бүтін бір тұрғын шағын аудан орналасады. Жыл мезгілінің кез-келген уақытында бұл жерде тұрақты ауа температурасы сақталады. Жоба 10 мың тұрғынға есептелген. 

Президентке сонымен қатар, тазарту құрылыстарын қайта құру және «Талдыкөл» өзенінің ағынды сулары жинақтаушысын жою қарастырылған   «Астана қаласында қайта қалпына келтірілетін «Талдыкөл» ағынды суларды жинақтаушыны жою» жобасы да таныстырылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар