Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

24 шілде 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Есілдің оң жағалауында британдық сәулетші Норман Фостердің жобасымен салынып жатқан Бейбітшілік пен келісім сарайының құрылысымен танысты.

Бейбітшілік пен келісім сарайы биылғы жылғы күз мезгілінде пайдалануға беріледі. Аталған ғимаратта дүниежүзіндегі діни ағымдар мен конфессиялар өкілдері қатысатын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші форумы өтеді деп жоспарланып отыр.

Бейбітшілік пен келісім сарайында Қазақстан ұлттық мәдениетінің мұражайы, 1500 орынды опералық театр, өркениеттер университеті, көрме және концерт залдары, кітапхана, сондай-ақ әлемдік діндердің зерттеу орталықтары мен діни  конфессиялардың офистері орналаспақ. Діни көшбасшылар басқосады деп межеленіп отырған зал Нью-Йорктегі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырыс залының үлгісінде жобаланған.

Ғимараттың биіктігі 77 метр, алаңы-22,5 шаршы метр. Бас мердігер түріктің "Сембол Иншаат" фирмасы.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар