Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанаға екі күндік ресми сапармен келген Польша Президенті Лех Качыньскиймен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайту мен достық қарым-қатынастарды өзара тиімді әріптестік рухында одан әрі дамыту болашағы талқыланды.


Мемлекет басшылары екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, атап айтқанда өзара инвестициялар тарту, Қазақстанда жоғары технологиялық және инновациялық өндірістер құруға Польша компанияларының қатысуы, туризмді дамыту және Қазақстан мен Польшаның транспорттық әлеуетін энергиялық өнімдер мен жүктерді еуропалық рынокқа тасымалдау үшін пайдалану мәселелері бойынша мүдделілік танытты. Қазақстан мен Польша арасындағы соңғы жылдары байқалып отырған сауда-экономикалық байланыстардың нығаюы Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың да жанданғанын айқындап отыр.


Поляк тарабы Қазақстанның 2009 жылы ЕҚЫҰ төрағалығына берген өтінішіне қолдау білдірді.

Келіссөздер барысында мәдени-гуманитарлық, денсаулық сақтау, білім, ғылым, қоршаған ортаны қорғау салаларындағы ынтымақтастықты жандандыру мәселелеріне айрықша көңіл бөлінді. Тараптар Қазақстанда тұратын поляк диаспорасының екі мемлекет арасындағы мәдени және гуманитарлық байланыстарды нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар