Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 ақпан 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

Министр Президентке ауыл шаруашылық жылының қорытындылары жайлы және Мемлекет басшысының агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

Кездесу барысында өсімдік шаруашылығын дамыту, ылғалды жинау және суды жинау технологиясына арналған салаға ауысу перспективалары талқыланды, сондай-ақ жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселесі қаралды.

- Республикада 24 млн. гектар егістік жер бар. Президент Жер ресурстарын басқару агенттігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігіне осы жерлерді айналымға енгізу жөнінде кешенді шараларды әзірлеу туралы тапсырма берді, - деп атап өтті министр кездесудің қорытындысы бойынша журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар