Жаңалықтар

5 наурыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаевты қабылдады.

А.Күрішбаев Президентті ведомствоның 2009 жылғы жұмыс қорытындылары мен «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Президенттің Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын алдағы кезеңдегі міндеттер туралы хабардар етті. Министрлік алдында озық технология мен қарқынды өндірісті қолдануға бағытталған ауыл шаруашылығына субсидия бөлу және мемлекеттік қолдау көрсету тетіктерін жетілдіру міндеті тұр.
Әңгімелесу барысында сондай-ақ көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы, инвестициялық жобаларды іске асыру, соның ішінде «ҚазАгро» арқылы қаржыландыру жайы талқыланды.
- Мемлекет басшысы еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өңдеуші өнеркәсіпті жүйелі дамыту, аграрлық ғылымды одан әрі реформалау жөнінде нақты міндеттер қойды, - деді журналистерге арналған брифингте А.Күрішбаев. 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар