Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 мамыр 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиевті қабылдады.

А.Жұмағалиев Президентке отандық БАҚ-тың бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру барысы және қазақстандық интернет-ресурстарының дамуы туралы баяндады.

Кездесудің барысында сондай-ақ Қазақстанда цифрлік телевизияны енгізу мәселесі талқыланды. Оның бірінші кезеңін жүзеге асыруға ағымдағы жылдың соңына дейін кірісу жоспарлануда.

- Президент министрліктің басшылығына отандық ақпараттық кеңестіктің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру мәселесіне ерекше бақылау жасауды тапсырды,- деді журналистерге арналған брифингте А. Жұмағалиев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар