Жаңалықтар

23 ақпан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгілі жазушы Сафуан Шаймерденовтың қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Сафуан ағаның биік адамгершілік пен асыл махабатты ту еткен тамаша шығармаларын талайлар оқып ержетті. Оның өзінің де жаратылысы шығармаларының басты кейіпкерлері сияқты болмыс-бітімі сұлу, жаны кіршіксіз таза әрі мөлдір еді. Халқымыз дарын иесін қаламгерлік шеберлігі үшін ғана емес, шындықты бетке айтатын турашылдығы үшін де ерекше құрмет тұтатын. Кездескен сайын маған да ел тағдырына қатысты ойларын бүкпесіз ашық айтып, қажетті қолдау көрсетіп, тілекші болып жүргенін ұмытпақ емеспін» делінген жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар