Жаңалықтар

25 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Ив Летерммен өткен ресми кездесуге қатысты.
02 И.Летерм

Рәсім кезінде ядролық сынақтардың, экологиялық және техногендік апаттардың құрбандарына арналған есткеркіштің ашылуы болды. Ескерткіш Қазақстанның Бельгия Корольдігіне сыйы болып табылады. Монументтің жоғары жағында ядролық жарылыстардан зардап шеккен мемлекеттер мен қалалардың атауы, ҚР Президентінің Семей полигонын жабу туралы Жарлығы қазақ тілінде, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жолдауынан сілтемелер үш тілде – қазақ, ағылшын және француз тілдерінде ойып жазылған.

Рәсім аяқталғаннан кейін Президент Н.Ә.Назарбаев пен Бельгия Корольдігі Премьер-Министрінің міндетін атқарушы Ив Летерм екі жақты кездесу өткізді. Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және нығайту мәселелерін талқылады. Кездесудің аясында ҚР республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитеті мен Бельгия Корольдігі Аудиторлық Соты арасындағы ынтымақтастық туралы Келісімге, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Бельгия Корольдігі Федеральдік қаржы қызметінің кеден және акциздер әкімшілігі арасындағы өзара сауда туралы статистикалық мәліметтерді алмасу туралы Меморандумға, сондай-ақ ҚР Ұлттық ядролық орталығы, «Қазатомпром» ұлттық атом компаниясы және Белгиялық ядролық зерттеулер орталығы арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.

- Қазақстан Бельгияны Еуропалық Одақтағы маңызды саяси және экономикалық серіктестік ретінде қарастырады. Екі жақты сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі дамыту және нығайту үшін Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесін құру туралы келісімге қол жеткізілді. Біз сондай-ақ бельгиялық бизнестің қазақстандық экономиканың үдемелі индустриялдық-инновациялық дамуы жобаларына белсенді қатысу мүмкіндіктерін талқыладық. Қазақстан мен Бельгия астаналары арасындағы ынтымақтастықты дамыту ерекше мәнге ие. Осы сапардың аясында Астана мен Брюссель арасында серіктестік қатынастар орнықты. Біз жүргізген келісссөздер энергетика, көлік, машина жасау, денсаулық сақтау және білім беру, сондай-ақ жоғары технология тәрізді маңызды салалардағы ынтымақтастығымызға жаңа серпін береді деп есептеймін, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.

- Бүгін біз сауда-экономикалық әріптестікті күшейту мәселесін талқыладық. Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы бойынша Қазақстан-Бельгия Іскерлік кеңесін құру туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, Бельгия ЕО пен Қазақстан арасындағы серіктестікті алға жылжыту туралы жаңа келісімді жасау жөніндегі жоспарды қолдайды. Біз сондай-ақ Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретіндегі рөлін жоғары бағалаймыз. ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін Саммиті Ұйымның барлық үш "себетін" толтыру жөніндегі қызметін күшейтуі қажет деп есептейміз. Біз Қазақстан мен Бельгия арасындағы қатынастарды, әсіресе, сауда-экономикалық саладағы байланыстарды одан әрі тереңдетуге үміт артамыз, - деді Ив Летерм.

 


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар