Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясы 63-ші сессиясының министрлер кеңесінде сөз сөйледі.
big-01.jpg

2007 жылғы 17-23 мамырда Алматыда Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЭСКАТО) Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының 63-ші сессиясы өткізілуде. 53 мемлекет ЭСКАТО-ның тұрақты мүшесі болып табылады. Сондай-ақ, 9 мемлекет комиссияның ассоциациялы мүшелері саналады. Аталған елдерден Алматыдағы 63-ші сессияға 400-ден астам делегат келді.


- Комиссияның құрылуының мерейтойлық жылында ЭСКАТО-ның жыл сайынғы сессиясын Алматыда өткізу туралы біздің ұсынысымызды қабылдай отырып, мүше мемлекеттер елімізге үлкен құрмет көрсетті. Мұндай шешім ЭСКАТО-ның Орталық Азия өңіріне назар аударуға дайын екендігін дәлелдейді, - деді Қазақстан Президенті ЭСКАТО-ның министрлер кеңесінде сөйлеген сөзінде.


Ол белсенді дамып келе жатқан Орталық Азия геосаясат және жаһандық энергетикалық нарық тұрғысынан және Еуразияның едәуір бөлігіндегі қауіпсіздік пен тұрақтылықта стратегиялық маңызға ие екенін еске салды. Орталық Азиядағы бай табиғи ресурстар көптеген мемлекеттердің осы өңірге деген үлкен қызығушылығын тудыруда.


- Әлемнің ірі мемлекеттерінің осы орасан қызығушылығын біз қақтығыстар алаңына айналдырмай, дамудың мүддесіне айналдыруымыз тиіс. Бұл біздің өңіріміздегі халықтың мүдделеріне қызмет етуі керек, - деді Назарбаев.


Орнықты экономикалық өсуге қол жеткізудің маңызды шарты Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі орасан зор кеңістікте тұрақтылық пен бейбітшілікті қамтамасыз ету болып табылады.


Бүгінде аталған өңір елдерінде жер шары халқының 60 пайыздан астамы өмір сүруде, ал экономикасы жаһандық ІЖӨ-нің 28 пайызын құрайды. Бірақ, АТӨ - бұл әлемдік экономиканың маңызды бөлігі және ұлы өркениеттер мен әлемдік діндердің аумағы ғана емес. Азия құрлығында, дүниенің басқа бөлігіне қарағанда, қақытығыстар әлеуеті жоғары.


Өмірдегі келешегі зор тетіктердің бірі – бастамашысы Қазақстан басшысы болып табылатын Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес (АӨШСК).


Назарбаев қазіргі заманғы қатерлер мен қыр көрсетулерге қарсы күресте Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері ассоциациялары (АСЕАН) мен Шанхай ынтымақтастық ұйымының рөлі маңызды екенін атап өтті.


Қазіргі уақытта Қазақстан АСЕАН-ның өңірлік қауіпсіздік жөніндегі форумына мүшелікке енуге өтініш берді. Бұл қадам өңіраралық ынтымақтастықтың жаңа келешегін жол салады әрі ӨҚФ-АӨСШК-ЕҚЫҰ қауіпсіздігінің «еуразиялық белдеуін» одан әрі құруға оңтайлы жағдай туғызады.


Қазақстанның дінаралық үнқатысуды дамыту жөніндегі бастамасы да бейбітшілікті нығайтуға бағытталған. 2003 және 2006 жылдары Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің екі съезі өткізіліп, оған барлық ірі әлемдік конфессиялардың өкілдері қатысты. Бұл өркениеттерді өзара жақындастырудағы маңызды оқиғаға айналды.


Қазақстан басшысы жаһандану қарсаңында әлемдегі бірде-бір ел жалғыз өзі қазіргі заманғы жаңа қатерлер және қыркөрсетулерге қарсы күреске және өзінің экономикалық проблемаларын шешуге қабілетті емес екенін еске салды.


Назарбаев Орталық Азия мен АСЕАН елдері арасындағы өңіраралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін қозғады, сондай-ақ АСЕАН + Орталық Азия саяси және экономикалық диалогын құру қажеттігін мәлімдеді.


Президент Орталық Азия мемлекеттері өздерінің өңірлері үшін жауапкершілікті сезіне отырып, 2006 жылдың күзінде Орталық Азияны ядролық қарудан азат аймақ деп жариялағанын еске салды. Бұл ретте Қазақстан 1993-94 жылдардың өзінде-ақ ядролық қаруынан өз еркімен бас тартқан болатын.


Президенттің сөйлеген сөзін мына жерден қараңыз.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар