Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев БҰҰ жүйесіндегі халықаралық ұйымдардың басшыларын қабылдады.

БҰҰ Бас хатшысының әлеуметтік және экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары Хосе Антонио Окампо, БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхиты өңіріне арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиясының (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Ким Хан Су, Еуропалық Экономикалық комиссияның атқарушы хатшысы Марек Белка, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Анварул Чоудхури және әйелдер мүдделерін дамытуға арналған қордың атқарушы директоры Ноэлин Хейзер Н.Назарбаевты БҰҰ ЭСКАТО-ның 63-ші сессиясының жұмысы туралы хабардар етті.


Форум осы жылғы 17-23 мамыр аралығында Алматыда өткізіліп отыр, форум барысында оған қатысушылар көптеген өңірлік проблемаларды, оның ішінде денсаулық сақтау саласын дамыту, ЭСКАТО елдері арасындағы энергетика және халықаралық көші-қон саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылауда.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар