Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

6 шілде 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елорда тұрғындарын Қала күнімен құттықтап, М-1 автожол көпірінің ашылу салтанатына қатысты.
309.jpg

- Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша 6 шілде Астана күні болып жарияланды. Оның себебі, 1994 жылы дәл бүгінгі күні Алматыда ел Парламенті елорданы Алматыдан Астанаға көшіру туралы қаулы қабылдаған болатын. Осы Қаулыға сүйене отырып, бүгінгі күн Астана күні деп жарияланды. Сондықтан да баршаңызды, бүкіл қазақстандықтарды елордамыз Астананың туған күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жыл сайын өркен жайып, гүлденіп келе жатқан елордамыз бүкіл қазақстандықтардың қуанышы мен шаттығының үлгісі. Астанамыз келген қонақтарды таң қалдыратын, Еуразияның ең көркейген сәулетті қаласының біріне айналды. Жыл сайын, ай сайын жаңа ғимараттар іске қосылып жатыр. Екі-үш ай Астанаға ат басын бұрмаған адам қаланың өзгерістерін көріп, танымай қалып жатқаны рас. Осының барлығы экономикамыздың, халқымыздың өміріндегі өркенді істердің көрінісі болып табылады. Соның біреуі бүгінгі осы көпірдің салтанатты түрде ашылуы. Біз Астанаға көшіп келгенде Ақмолада 20 мың ғана көлік бар еді, қазір олардың саны 200 мыңға жетті. Сондықтан, біріншіден, қаланың екі жағын байланыстыратын, екіншіден Есіл өзенінің әсемдігін арттыра түсу үшін осындай көпірлер салынатын болады. Сондай үлкен көпірлердің қарлығашы болғаннан кейін арнайы келіп ашып тұрмын. Барлық құрылысшыларды, қалалық әкімшілікті қаланың ең үлкен көпірінің іске қосылуымен шын жүректен құттықтаймын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатта.

 

Мемлекет басшысы сондай-ақ Есілдің сол жағалауында орналасқан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жаңа ғимаратында болды.

 

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының ғимараты Сауд Арабиясы Үкіметінің қатысуымен жүзеге асырылды. Ғимараттың жалпы алаңы 13,8 шаршы метр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар