Жаңалықтар

25 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық инвестициялық банктің Президенті Филипп Майштадтпен кездесті.

Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Кездесудің қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ және Еуропалық инвестициялық банкі арасындағы өзара түсіністік туралы үш жақты Меморандумға қол қойылды.

- Президент Нұрсұлтан Назарбаевпен біздің әрбір кездесуіміз екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға жасалған нақты қадам болып табылады. Бүгін біз Қазақстан мен Еуропалық инвестициялық банк арасындағы серіктестікті нығайтуға бағытталған маңызды құжатқа қол қойдық, - деді Ф.Майштадт.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар