Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

17 қараша 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Францияда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында тамаша жеңіске қол жеткізген қазақстандық спортшы Зулфия Чиншанлоға құттықтау жеделхатын жолдады.

«Францияда ауыр атлетикадан өткен әлем чемпионатында қол жеткізген тамаша жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жеңістің жолы оңай болмаса да, Сіз қазақстандықтардың үмітін ақтадыңыз, біздің құрамаға алғашқы алтын медальді алып бере отырып, әлем рекордын жаңарттыңыз. Бұл Сіздің кәсіби шеберлігіңіз бен жеңіске деген айрықша ерік-жігеріңіздің нәтижесі екені сөзсіз.  Сіздің жетістігіңіз Тәуелсіздігіміздің 20 жылындағы Қазақстанның толайым табыстарына қосылған қомақты үлес болды әрі елімізде ауыр атлетиканың дамуына жақсы серпін берді. Алтын медальді иеленіп қана қоймай, Сіз, спорттық кәсіби өміріңізге  жаңа да жарқын жол аштыңыз. Алдағы уақытта да осындай жеңістер биігінен көріне беретініңізге сенемін. Сізге бұдан да зор спорттық табыстар мен ізгі жақсылықтар тілеймін!», - делінген құттықтау жеделхатта.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар