Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Хромтау ауданы, Көктау ауылы маңындағы мыс кенін өндіретін карьерді аралап көрді және «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС-нің мыс кенін қайта өңдеу жөніндегі комбинатының ашылу салтанатына қатысты.

49.jpg

50.jpg

Комбинаттың өндіріс ғимаратында еліміздің Президенті кәсіпорынның қаржылық-экономикалық, өндірістік, инвестициялық көрсеткіштерімен танысты және кен өндіретін технологиялық желіні іске қосты.

- Мен сіздердің баршаларыңызды «Ақтөбе мыс компаниясы» комбинатының бірінші кезеңінің іске қосылуымен құттықтағым келеді. Бұл ресейлік компаниямен арадағы табысты ынтымақтастықтың айқын бір көрінісі болып табылады. «Алтынсарин-Хромтау» темір жолын ашудың арқасында жаңа транзиттік мүмкіндіктер пайда болды. Бұл комбинат бір жарым жылда салынып бітті және мыс-мырыш кенін өңдейтін екінші фабриканың құрылысы басталды. Бұл өз кезегінде, жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізетін болады. Осының бәрі индустриялық-инновациялық стратегияның жүзеге асырылуының көрінісі, - деді Нұрсұлтан Назарбаев комбинат ұжымымен кездесуінде.

Сондай-ақ Президент «Солтүстік Қазақстан – Ақтөбе облысы» өңіраралық электр тасымалдау желісі құрылысының іргетасын қалау рәсіміне қатысты.

- Сіздердің өңірлеріңізге әр келген сапарымда оң өзгерістердің куәсі боламын. Облыс экономикасы өсіп-өркендеп, жаңа өндірістер мен жұмыс орындары ашылуда, ақтөбеліктердің әл-ауқаты жақсарып келеді. Осы жылы болашағынан көп үміт күттіретін 30 жоба, оның ішінде бірқатар жоғары технологиялы бірегей жобалар жүзеге асырылмақ. Сондықтан да өндірісті электр энергиясымен қамтамасыз ету аса маңызды. Осы өңіраралық ЭТЖ-ны іске қосу арқылы Аксу мен Екібастұз ГРЭС-терінен облыс тұтынушылары үшін арзан электр энергиясын жеткізуге мүмкіндік туып отыр. Бұл электр энергиясы тарифтерін 10-15 пайызға төмендетуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев сөйлеген сөзінде.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар