Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаскелең қаласының орталық алаңында Елбасын қарсы алған Қарасай ауданының тұрғындарымен кездесті.

- Бүгінгі күні бүкіл Қазақстан тәрізді Қаскелең де белсенді түрде дамып келеді. Аудан осы өңірде шығарылатын өнімнің 10 пайызын қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан соңғы жалдары қол жеткізген табыстар бірінші кезекте елдегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық келісім мен бірліктің арқасында мүмкін болып отыр. Біздің еліміздің экономикасы артқан сайын халықтың да тұрмысы жақсара бермек. Біз бүгінгі күні алдымызға әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру жөнінде асқақ мақсат қойып отырмыз. Осы қиын міндетті іске асыруда баршамыз көп жұмыс атқаруымыз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қаскелең тұрғындарымен кездесуде сөйлеген сөзінде.

 
Мемлекет басшысы сондай-ақ Райымбек кентіндегі ипподромда өткен ат спорты шараларында болды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар