Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

18 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Каспий маңы елдері мемлекет басшыларының үшінші саммитінің жұмысына қатысты.

Саммит аясында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Әзірбайжан Президенті Ильхам Алиев, Иран Президенті Махмуд Ахмадинежад, Ресей Президенті Дмитрий Медведев және Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердымұхаммедов Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін айқындау мәселесін талқылады.

Каспийдің биоресурстарын пайдалану, қорғау және ұдайы өндіру тақырыбына ерекше мән берілді. Осы орайда, Қазақстан, бекіре тұқымдас балықтың саны апатты жағдайда азайып бара жатқанына байланысты күрделі ахуалды ескеріп, оларды аулауға уақытша бесжақты мораторий енгізуді ұсынды.

Саммиттің қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылданып, Каспий теңізіндегі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Саммиттің хаттамалық шешімінің негізін құраған Қазақстан Президентінің ұсынысының жаппай қолдауға ие болуы саммиттегі айтулы оқиғаға айналды:

- тараптар Каспий теңізіндегі бекіре тұқымдас балықтың түрлерін аулауға 5 жыл бойына мораторий енгізу тетіктері туралы ұсыныстарды үш ай мерзім ішінде талқылауды және әзірлеуді тиісті ведомстволарға тапсыру туралы шешім қабылдады;

- тараптар жағалаудағы мемлекеттердің меншігі болып есептелетін су кеңістігін қоса алғанда, 24-25 миль қашықтықтағы ұлттық аймақтың аумағын үш ай мерзімде талқылауды және келісуді тиісті ведомстволарға тапсыру туралы шешім қабылдады.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар