Жаңалықтар

28 наурыз 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Гүлжан Қарағұсованы қабылдады.

Кездесу кезінде әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін дамыту, әлеуметтік төлемдерді арттыру және қоғамдағы әлеуметтік проблемаларды шешуде бизнестің қатысуы жөніндегі мәселелер талқыланды.

-Президент Жолдауы мен тапсырмасына сәйкес қазақстандық әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі үш деңгейлі жүйе ретінде құрылды. Бұл үлгі неғұрлым тұрлаулы болып саналады және оны халықаралық ұйымдар мойындаған. Қазірдің өзінде бізде ең төменгі зейнетақы мөлшері ТМД елдері ішіндегі ең жоғары көрсеткіште тұр. Кездесуде әлеуметтік төлемдерді одан әрі арттырудың келешегі қаралды. Сондай-ақ  мемлекеттің дамуы мен қоғамымыздағы әлеуметтік тұрақтылық үшін бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды,-деді Г.Қарағұсова журналистерге арналған брифингте


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар