Жаңалықтар

11 мамыр 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы Игорь Роговты қабылдады.

И.Рогов Президентке Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 15 жыл толуын мерекелеуге әзірлік барысы туралы мәлімдеді. Атап айтқанда, биылғы жылдың 30 тамызындағы мереке күні негізгі салтанатты іс-шара - «Конституция еліміздің демократиялық дамуының негізі ретінде» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді. Бүгінде 30-дан астам шет ел өкілі, соның ішінде конституциялық соттардың төрағалары, конституциялық бақылаушы өзге органдардың жетекшілері, шет ел парламенттерінің өкілдері өздерінің конференцияға қатысатындықтарын жеткізді.

- Мемлекет басшысы осы конференция барысында жетістіктер туралы баяндамаға емес, еліміздің дамуына, біздің шет елдік әріптестеріміздің тәжірибесін зерделеуге ғылыми-теориялық тұрғыда терең талдау жасалатынына мән беру қажеттігіне назар аударды. Осы талдаудың негізінде біз мемлекеттің құқықтық механизмдерін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды анықтауымыз қажет, - деді журналистерге арналған брифингте И.Рогов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар