Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

25 мамыр 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы»ҰК» АҚ президенті Ерлан Атамқұловты қабылдады.

Е.Атамқұлов Президентке компания қызметінің соңғы бес айдағы нәтижелері және алдағы кезеңде темір жол саласын дамыту жөніндегі келелі жобалар жөнінде баяндап берді.

-Президент темір жол саласын реформалау бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ жолаушылар тасымалының сапасын жақсарту және Қазақстанда жаңа темір жол желілерін салу жөнінде нақты тапсырмалар берді. Биылғы жылы «Ақтоғай-Достық» маршруты бойынша тар табанды темір жол торабының құрылысы басталды. Бұл екі жыл ішінде аталған учаскеде транзиттік әлеуетті 2,5 есеге арттыруға мүмкіндік туғызады. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Ресей Президенті Владимир Путинмен таяуда ғана болған кездесуінде қазақстандық жүк жөнелтушілер үшін мейлінше жеңілдіктер жасау және өтпелі-ортақ тариф белгілеу жөніндегі келісімге қол жеткізілгені белгілі. Президент аталған мәселені ресейлік әріптестерімізбен бірлесе осы жылдың соңына дейін пысықтап, өтпелі-ортақ  тарифтік дәліздер құру жөніндегі жұмыстарды аяқтау жөнінде міндеттер жүктеді,-деді Е.Атамқұлов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар