Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

21 мамыр 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалинді қабылдады.

Кездесу барысында Н.Оразалин осы жылдың маусымында өткізу жоспарланған Қазақстан Жазушылар одағының жетінші съезіне дайындық жөнінде, қазіргі заманғы әдеби үдерістің өзекті арналары туралы әңгімеледі. Елбасы жазушылар шығармашылығына арқау болған тақырыптар, тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық өмірдің шындықтарын айқындайтын туындылар, Жазушылар одағы мүшелерінің жұмыс жағдайлары мен өмірлері жөнінде ықыласпен тыңдады.


Н.Назарбаев сондай-ақ өткен аптада ел Парламенті қабылдаған саяси реформалар мен конституциялық түзетулер туралы шығармашыл зиялы қауымның пікіріне қызығушылық білдірді.


- Президент жазушыларды Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы ұлттық идеяны жүзеге асыруға көркем сөзбен ықпал етуге шақырды, - деді Н.Оразалин журналистерге арналған брифнгте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар