Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

4 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбековті, Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы Сәкен Жасұзақовты және «Қазақстан инжиниринг» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Болат Смағұловты қабылдады.

Ә.Жақсыбеков Президентті қорғаныс ведомствосының ағымдағы қызметі туралы хабардар етті. Атап айтқанда, аяқталып келе жатқан жылдың қорытындылары және алдағы кезеңге арналған елдің Қарулы Күштерін дамыту және жетілдіру жөніндегі жоспарлар баяндалды.

Кездесу кезінде сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту туралы, Қорғаныс министрлігі мен «Қазақстан инжиниринг» компаниясының машина жасау саласындағы кәсіпорындарға дамыту және орналастыру мәселелері бойынша қорғаныстық тапсырыстардағы өзара іс-қимылы сөз болды.

Кездесудің қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар тапсырма берді.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар