Жаңалықтар

25 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев НАТО-ның Бас хатшысы Андерс Фог Расмуссенмен кездесті.
02 А.Ф.Расмуссен

Тараптар Қазақстанның НАТО-мен ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективасын, сондай-ақ халықаралық және аймақаралық қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын талқылады.

- «Бейбітшілік үшін серіктестік» аясындағы біздің ынтымақтастығымыз он алты жылдың ішінде тек қана әскери саламен шектеліп қалмай, өзара іс-қимылдың едәуір әлеуетінде жұмыс жүргізді. Біздің ынтымақтастығымызды жаңа деңгейге жеткізген серіктестіктің жеке іс-қимыл жоспарының екінші кезеңі жүзеге асырылуда. Біз Қазақстанның НАТО жанындағы өкілін тағайындадық. Сондай-ақ халықаралық күштердің штабына бірнеше әскери қызметшілерді жіберу туралы шешім қабылданған болатын, тиісті екі жақты келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Ауғанстандағы қауіпсіздікке қол ұшын беретін халықаралық күштер операциясына қолдау көрсету аясындағы аймақтағы Альянстың негізгі серіктестерінің бірі болып табылады, - деп атап көрсетті Н.Ә.Назарбаев.

-Қазақстан НАТО-ның Орталық Азиядағы жетекші серіктесі болып табылады. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сапары біздің ынтымақтастығымыздың дамуына жаңаша қарқын береді. Біз Қазақстанға НАТО-ның Ауғанстандағы миссиясына қолдау көрсеткені үшін разымыз. Біз сондай-ақ Қазақстанның аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі күш-жігерін бағалаймыз және алдағы ЕҚЫҰ-ның Астанада өтетін Саммитіне маңызды мән береміз, - деп атап өтті Андерс Фог Расмуссен.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар