Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

29 наурыз 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Пәкістан мұсылмандары лигасы» партиясының вице-президенті Гохар Аюб Хан бастаған Пәкістан Ислам Республикасының делегациясын қабылдады.

Гохар Аюб Хан Қазақстан басшысына Пәкістанның ағалшын тіліндегі жетекші басылымы «Pakistan Observer» тағайындаған «Мұсылман мемлекеттері арасындағы үздік басқару жүйесі» наградасын табыс етті.


- Бұл награда ислам елінің үздік басшысына тағайындалады. «Pakistan Observer» газеті Пәкістандағы ең ірі басылымдардың бірі болып табылады және елдің алты ірі қаласына тарайды. Қазақстан осы награданы табыс ету үшін таңдалған үшінші ел болды, - деді Пәкістан биліктік партиясының вице-президенті журналистерге арналған брифингте.


Кандидатураларды іріктеу кезінде награданы тағайындау үшін елде тиімді экономикалық реформалар жүргізу, қоғамды демократияландыру процесін дамыту, конфессияаралық төзімділік пен толерантылыққа жағдай жасау, мемлекеттің аймақтық және халықаралық қауіпсіздікті дамытуға қосқан айрықша үлесі негізгі көрсеткіштер болып табылады. Орталық Азия елдерінің кандидатураларын талқылау барысында аталған награданы экономикалық реформалар саласындағы айрықша еңбегі және мұсылман әлемі елдеріндегі оң үнқатысуды кеңейтуге қосқан зор үлесі үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа табыс ету туралы шешім қабылданды.


Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның сауда-экономикалық саладағы екіжақты ынтымақтастығын дамыту мәселелері талқыланды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар