Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Ислам Каримов, Эмомали Рахмонов, Құрманбек Бакиев «Астана заңғары» тұрғын үй кешенін аралап көрді.

Президенттер сондай-ақ Астана қаласын дамытудың бас жоспарымен танысып, журналистермен кездесті.

 
- Астана қаласы қарқынды дамып келеді. Бірнеше жылдың ішінде елорда тұрғындарының саны 150 мыңнан 600 мыңға жетті, олардың 50 пайызын 29 жасқа толмағандар құрап отыр. 2030 жылға дейін Астана халқы миллионға жетеді. Қаланың ел экономикасына қосқан үлесі үш есеге артып, ІЖӨ-нің 2 пайызын құрады. Қала қазіргі заманғы әрі бірегей, Орталық Азиядағы ең әсем қалалардың біріне айналды. Әрине, Ташкент, Душанбе, Бішкек және біздің Алматының орны бөлек, алайда Астана басқа барлық қалалардан өзінің қазіргі заманға сай көркімен және болашаққа ұмтылысымен ерекшеленеді. Бұл жерден, осы биіктен біздің бас-аяғы сегіз жылдың ішінде атқарған жұмыстардың нәтижесі анық көрінеді. Ен даланың ортасында әлемде жоқ жаңа қала бой көтерді, - деді Нұрсұлтан Назарбаев журналистерге арналған брифингте.

 

- Әлемде осындай қарқынмен жаңа қала салудың үлгісі көп емес. Астана тек Орталық Азияда ғана емес, бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ең көрікті қалалардың біріне айналып отыр. Қала айрықша әрі бірегей сәулетімен ерекшеленеді, өйткені мұндағы жобаларға жапон, түрік, ағылшын сәулетшілері тартылған. Ойға алған қала құрылысының жобасы мен ауқымдылығы соншалықты, бұған таң қалмасқа шараң жоқ. Өзбекстанда  мұны елестету әрі жүзеге асыру үшін үлкен жүрек керек деп айтады. Ел игілігі үшін өте көп жұмыс атқарған Нұрсұлтан Назарбаевты – Қазақстанның тұңғыш Президентін шын жүрегімнен құттықтағым келеді. Астана қаласының бой көтеруі менің сөздерімнің бір ғана дәлелі болып табылады. Қазақстан өз тәуелсіздігінің 15-жылдығында толағай табыстарға қол жеткізіп отыр, - деді Өзбекстан Президенті Ислам Каримов журналистерге арналған брифингте.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар