Жаңалықтар

10 наурыз 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Тәжікстан Республикасының Сыртқы істер министрі Зарифи Хамрохонды қабылдады.

Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелері және оларды одан әрі дамыту перспективасы талқыланды.

- Біз Тәжікстанда Қазақстанның және Нұрсұлтан Әбішұлының жеке өзінің қолдауын сезінеміз. Екі президенттің арасында қалыптасқан достық екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға мүмкіндік туғызады және бізді соған бағыттайды, - деді З.Хамрохон журналистерге арналған брифингте.  


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар