Жаңалықтар

11 тамыз 2011
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұжымдық қауіпсіздік Шарт ұйымының Бас хатшысы Николай Бордюжаны қабылдады.
01

Н. Бордюжа Президентті ағымдағы жылдың 12 тамызында Астанада өтетін ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне даярлық барысы туралы хабардар етті.

- Кездесу, әдеттегідей, өте сындарлы өтті. Қазақстан Республикасының Президентімен кездесудің бәрі креативті режимде, ұсыныстар білдіріп, едәуір маңызды мәселелерді талқылаумен өтеді. Мен үшін басты міндет Мемлекет басшысына ертең осында Астанада өтетін ҰҚШҰ-на мүше мемлекеттер басшыларының бейресми саммитіне даярлық барысы,  ұйым алдында тұрған проблемалар, барлық мемлекетті ойладыратын жаһандық және аймақтық қауіп-қатерлер туралы баяндау еді. Мен Астанаға сапарым алдында ҰҚШҰ-на мүше барлық елде болдым. Сонымен қатар мен біздің мемлекеттеріміздің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі біздің ұжымдық қызметіміздің тиімділігін арттыру үшін нені іске асыру қажеттігі жайлы өз көзқарасымды айттым. Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым Ұйым қызметіне өте қызығушылық танытады. Ол осы Ұйымды құруда бастамашылардың бірі болды. Бүгін ол біздің елдеріміздің даму жолымен алға жылжыған сайын, осы Ұйымның қызметінің құрылу идеясы мен тиімділігін арттырудың құндылығы барған сайын арта түсетінін атап өтті. Ұйымның шын мәнінде қажеттілігі артып келеді. Ұйым бүгінде біздің мемлекеттеріміздің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қажет. Бүгінгі күндері проблемалар жеткілікті деңгейде кездесіп отырғандықтан оған жеке күш-жігер жұмсау мүмкін болмайды. Ең бастысы, экономиканы дамыту, әлеуметтік мәселені шешу үшін негіз құру керек. Бұл мәселелерді барлық мемлекеттік құрылымдардың тыныш қызметі жағдайындағы тұрақтылықтың арқасында ғана шешуге болады. Астанадағы кездесу бейресми түрде өтеді, онда қандай да бір шешім қабылдау көзделмеген. Бастысы – Ұжымдық қауіпсіздік шарт әрекеті кеңістігінде қалыптасқан жағдайды талқылау, мемлекет бастан кешіп отырған қауіпсіздік проблемаларын бағалау, жағдайдың дамуына болжам жасау, және осындай болжамдарға сүйене отырып, кейбір келеңсіз салдарлардың, біздің мемлекеттеріміздің тұрақтылығына ықпал етуі мүмкін қандай да бір оқиғаның алдын алу үшін қажетті шараларды әзірлеу. Бүгінде ең басты проблема – бұл Ауғанстан проблемасы. Бұл тек есірткінің заңсыз айналымы ғана емес, бұл сондай-ақ содырларды дайындайтын лагерьлердің болуы, бұл экстремистік топтардың жұмысының белсенді жүргізілуі, бұл әртүрлі ұйымдасқан қылмыстық топтар жұмысының белсенділігінің артуы. Сонымен қатар техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар проблемасы да бар. Салдарларды жойып, адамдарды құтқару үшін қажетті әлеуетті дер кезінде пайдаланып, зардап шеккен мемлекетке көмек көрсету үшін бірлескен күш-жігерді жұмылдыру қажеттігі туындайды. Осының бәрі біздің Президенттеріміз талқылайтын, солардың қамқорлығындағы мәселелер. Қазақстан Республикасының Президенті мемлекеттердің интеграциялық бағытын ұстанады. Нұрсұлтан Назарбаев интеграциялық процестердің негізін құрайтын көптеген қадамдардың жиі бастамашысы болып табылады. Мысалы, ЕурАзЭҚ құру - Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасы. Ол – ҰҚШҰ құруды ұсынған бастамашылардың бірі. Бұдан екі жыл бұрын Қазақстанда, Бурабайда Ұйымның жедел әрекет ету Ұжымдық күштерін құру туралы тарихи шешім қабылданған болатын. Бұл шешімнің бастамашысының бірі де Қазақстан Президенті болды. Бұл біз үшін өте жақсы, өйткені Қазақстанда өтетін мұндай кездесулер әрдайым нақты және қызықты шешімдер қабылдаумен аяқталады, - деп атап өтті ҰҚШҰ-ның Бас хатшысы кездесуден кейін журналистерге арналған брифинг барысында.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар