Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

28 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту жөніндегі бастама» қорының атынан Қазақстан басшысының құрметіне орай ұйымдастырылған қонақасыға қатысып, сөз сөйледі.

Осы шара барысында сөз сөйлеген «Ядролық қауіп-қатерді қысқарту жөніндегі бастама» қорының тең төрағалары Тэд Тернер мен Сэм Нанн, конгрессмендер Шелли Беркли, Эни Фалеомаваега Қазақстанның ядролық қарусыздану үдерісі мен халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға қосқан зор үлесін атап өтті.

 

- Біз үшін Сізбен қарусыздану мәселесі бойынша жұмыс істеу үлкен құрмет. Президент мырза, Сіз ядролық қарудан бас тарту туралы өте батыл әрі дана шешім қабылдадыңыз. Егер барлық мемлекет басшылары осы мәселеге Сіздің көзіңізбен қарайтын болса, ядролық қауіп-қатер болмас еді. Сіз әлемге тамаша үлгі көрсеттіңіз және де біз Сіздің әріптесіңіз екенімізді мақтан тұтамыз, - деді Т.Тернер Нұрсұлтан Назарбаевқа.

 
- Президент Назарбаев ядролық қарудың мол қорынан құтылу туралы аса маңызды шешім қабылдады. Бұл адам бейбітшілік жолын таңдады әрі өзінің керемет елін қауіпсіздік пен өсіп-өркендеулерге бастап барады. Ол өзінің елі үшін, бәлкім, бүкіл адамзат үшін де тарихтың бағытын өзгертті, - деп атап өтті Ш.Беркли сөйлеген сөзінде.

 
- Біз Қазақстан Президентіне жаһандық лаңкестікке қарсы күреске дәйекті қолдау көрсетуі үшін ризамыз. Әрі Қазақстанға біздің елдеріміз арасындағы әріптестік бейбітшілік пен қауіпсіздік ісіне қызмет етеді деген үмітпен қараймыз, - деп атап өтті П.Брукс.

   
- Сізді АҚШ-та қарсы алу мен үшін ұлы құрмет. Біз Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан бейбітшілік үлгісін құрып жатқанын білеміз. Сіздің басшылығыңыздың арқасында Қазақстан халқы аса қауіпсіз әлемде өмір сүріп отыр, - деп атап көрсетті С.Нанн сөйлеген сөзінде.

 
- Тек өз халқын шексіз сүйетін көшбасшы ғана өз халқының қауіпсіздігі мен игілігі үшін тәуекелге бара алады. Мен Қазақстан Президенті Нобель сыйлығын алуы тиіс деп есептеймін, - деді конгрессмен Э.Фалеомаваега.

 
Қазақстан Президенті кешке қатысушыларға осы шараны ұйымдастырғандары, ықылас білдіргендері және Қазақстанға деген достық ілтипаттары үшін алғысын білдірді. Қазақстан басшысы өзінің сөйлеген сөзінде ядролық қауіп-қатер орайындағы жаһандық қауіпсіздіктің өзекті проблемаларын айқындады.

 
- Қазіргі уақытта бүгінгі әлемдегі тұрақтылықтың шешуші тетіктерінің бірі жаһандық қауіпсіздіктің тұрлаулы жүйесі болып табылады. Соңғы жылдары біз ядролық ауыздықтау, қаруды таратпау, ядролық материалдарды әзірлемеу жөнінде БҰҰ шеңберінде қабылданған келісімдердің табысқа қол жеткізе алмағанына куә болып отырмыз. Бұл әлемде қазіргі кездегі шешімнен мүлде бөлек шешімнің қабылдануы тиіс екенін білдіреді.

 
Әлемде халықаралық құықтың негізгі принциптеріне түбегейлі қайшы келетін кереғар жағдай қалыптасты: біреулерге қарулануға және оны жетілдіруге рұқсат етіледі, ал екінші біреулерге оны иеленуге, сондай-ақ тіпті әзірлеуге де тыйым салынады. Бұл – дұрыс емес, әділетсіздік, тең қарамаушылық.

 
Мен осыған байланысты өзіме ғана тән пікір болғанына қарамастан, нақты жүзеге асуға тиіс мынадай ойды айтқым келеді: жаппай әрі жаһандық қарусыздану проблемасы тек қана оны ядролық қаруы барлар емес, ядролық та, ядролық емес те мемлекеттердің барлығы – күллі халықаралық қауымдастық бірігіп қолға алған кезде ғана оң шешімін табатын болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар