Жаңалықтар

5 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы» халықаралық кәсіподақтар бірлестігінің бас хатшысы Владимир Щербаковты қабылдады.

Кездесу барысында В.Щербаков Президентті Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясы Президиумының шешімімен Нұрсұлтан Назарбаевтың ТМД Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жоғары наградасы – кәсіподақтар қозғалысына қосқан үлесі үшін Алтын белгімен марапатталғаны туралы хабардар етті. Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының жетекшісі Мемлекет басшысына награданы тапсырды.

- Нұрсұлтан Назарбаев – Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Алтын белгісімен марапатталған жалғыз Президент. Қазақстан, Нұрсұлтан Әбішұлының басшылығымен, Конституцияның маңызды баптарының бірі - әлеуметтік мемлекет құруды іске асыруда жоғары нәтижеге қол жеткізді. Барлық көрсеткіштер бойынша, төменгі еңбекақы болсын, зейнеткерлерге көрсетілген қамқорлықтар болсын, орташа еңбекақы, халықты жұмыспен қамтуда болсын, әсіресе дағдарыс кезеңінде, Қазақстан жоғары деңгейден көрінді. Президенттің басшылығымен Қазақстанда жұмыссыздықтың өсуіне жол берілген жоқ, керісінше, дағдарыс кезеңінде оны төмендетуге қол жеткізілді. Қазақстанда көптеген әлеуметтік проблемалар қарқынды және дәйектілікпен шешімін табуда. Сондықтан Жалпыға бірдей кәсіподақтар конфедерациясының Президиумы тарапынан осындай шешім қабылданды, - деді журналистерге арналған брифингте В.Щербаков.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар