Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

5 қараша 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаңадан салынып жатқан КМГ кәсіпорындары дирекциясының бас директоры Нұрлан Балғымбаевты қабылдады.

Н.Балғымбаев Президентке қазақстандық-италиялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндады. Қазақстан Президентінің 2009 жылғы қарашада Италия Республикасына ресми сапары аясында «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Eni компаниясы арасында құрылыс туралы келісімге қол қойылған. Олардың қатарында Павлодар мұнай өңдеу затытын қайта құрылымдау, Орал қаласының ауданында газқұбыры стансасының құрылысы, Қарашығанақтағы газ өңдеу зауыты, Каспий теңізіндегі кеме құрылысы мен кеме жөндеу зауыты, Қазақстанның барлық өңірі бойынша газ пайдалануды оңтайландыру туралы жоба және Исатай мен Шағала кен орындарына барлау жасау жобалары бар.

- Мен бүгін Президентке біздің жобаларды іске асырудың барысын баяндадым. Біз кестеге сай жұмыс жасаймыз. Биылғы жылы біздің жобалар бойынша барлық техникалық және технологиялық өлшемдері анықталған техникалық-экономикалық негіздеме аяқталды. 2011 жылы біз келесі кезеңге – жан-жақты жобалауға кірісеміз, ал 2012 жылы осы жобаны - құрылысты іске асыра бастаймыз, - деді журналистерге арналған брифингте Н.Балғымбаев.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар