Жаңалықтар

25 наурыз 2008
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жазушы Шыңғыс Айтматовты қабылдады.
big-01EgЧА.jpg

Президент белгілі жазушыны алдағы 80 жылдық мерейтойымен құттықтап, мерейтойлық шаралар қазақ жерінде де өткізілетінін атап көрсетті. Мемлекет басшысы Ш.Айтматов шығармаларын бірнеше қазақстандық буын оқып-өскенін атап өтті. Жаңа тарихи жағдайларда тәрбиеленген қазіргі өскелең ұрпақтың Ш.Айтматов туындыларын оқитындығы аса маңызды.


Жазушының шығармашылығы Қазақстанмен тығыз байланысты, оның көптеген туындыларына Қазақстан жерінде өткен оқиғалар арқау болған.


Журналистерге арналған брифингте Ш.Айтматов былай деді:

- Мен үшін Қазақстан да өз Отаным. Жер бетінде мен үшін үш қымбат мекен бар, олар – Бішкек, Алматы және Мәскеу. Мен қазақтың шығармашыл зиялы қауымымен өзара тығыз қарым-қатынастамын. Қазақстанда менің «Кассандра таңбасы» романым бойынша қазақ тілінде фильм түсіру жоспарланып отыр.


Ш.Айтматов сондай-ақ Президентпен өткен әңгіме барысында қазіргі заманғы әдебиет пен мәдениет мәселелері, сондай-ақ жазушының шығармашылық идеялары талқыланғанын жеткізді.


- Алайда, әңгіме өзегіне айналған ең басты тақырып ол – Қазақстан Президентінің Орталық-Азия экономикалық ықпалдастығы туралы бастамасы. Біздің өңір үшін – бұл стратегиялық жол. Бұл бізді біріктіретін суперидея. Біздің әрқайсымыз осы идеяны қолдауға тиіспіз – бұл біздің болашағымыз, - деді Ш.Айтматов.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар