Жаңалықтар

27 ақпан 2009
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

big-01.jpg

big-02.jpg

Солтүстік Қазақстан облысы – Қазақстанның негізгі аграрлық өңірлерінің бірі. Астық өндірісі – республикадағы ірі бидай экспортерлерінің бірі болып табылатын облыс экономикасының басты секторы.


Осы орайда Президенттің жұмыс сапарының бағдарламасы М.Жұмабаев атындағы алаңда облыстың ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерімен кездесуден басталуы бекер емес. Н.Назарбаев көктемгі егістік жұмыстарға әзірлік барысымен танысып, ауыл шаруашылығы техникаларының көрмесін аралап көрді. Сондай-ақ мұнда Мемлекет басшысы «Қыспен қоштасу» халық серуені – мерекелік шараларына қатысты.


Содан кейін Мемлекет басшысы «Шапағат» коммуналдық базарында болды. Онда Президент азық-түліктің негізгі түрлерінің бағаларын сұрап білді. Мұнда тауарларды делдалсыз жергілікті өнім өндірушілердің өздері жеткізіп тұрады және облыс орталығының басқа сауда кәсіпорындарына қарағанда 15-50 пайызға төмен бағамен сатылады.


Одан кейін Нұрсұлтан Назарбаев ғимараттар мен құрылыстарды жедел тұрғызатын зауытқа барды. Онда Мемлекет басшысы металл құрылғылары өндірісімен танысты. Бұл жобаның құны – 170 миллион теңге. Жоба мемлекеттік инвестициялық саясатты жүзеге асыруға «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ын несиелеу» бағдарламасы бойынша «Еуразиялық банк» АҚ арқылы бөлінген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылып отыр.


Түстен кейін Н.Назарбаев Петропавл бройлер құс фабрикасында және «Наурыз - 2030» жылыжай кешенінде болды.


Сапарды қорытындылай келе, Президент облыстың әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына оң баға берді. Елбасы облыс басшылығының алдына көктемгі егістік жұмыстарды жоғары агротехникалық деңгейде және үйлесімді мерзімде жүргізу, өнеркәсіптік әлеуетті дамыту және барлық әлеуметтік бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде нақты міндеттер қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар