Жаңалықтар

25 қазан 2010
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Бельгия Корольдігіне ресми сапары жалғасуда.
01 Х.Ван Ромпей

Президент Еуропалық Кеңестің Президенті Херман Ван Ромпеймен кездесу өткізді. Тараптар қазақстандық-еуропалық ынтымақтастықтың кең көлемдегі мәселелерін талқылады.

- Еуропалық Одақ Қазақстанның басты сауда серіктесі болып табылады. Биылғы жылдың сегіз айының ішінде ол 25 миллиардтан астам долларға жетті. Қазақстан экономикасына шетел инвестициясының 40 пайыздан астамы ЕО елдерінің үлесіне тиеді. Қазақстан мен ЕО арасындағы серіктестікті алға жылжыту туралы жаңа келісімнің қорытындысы туралы келіссөздерді жеделдетуге қол жеткізілді. Біздің еліміз биылғы жылғы 1-2 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Саммитін өткізуге қызу дайындалуда. Мен Еуропалық Кеңестің Президенті Ван Ромпей мырзаны осы Саммитке қатысуға шақырдым, - деп атап өтті Н.Ә.Назарбаев.

- Біздің екі жақты қарым-қатынасымыз жоғары деңгейде орнығуда, энергетика, қоршаған ортаны қорғау, халықаралық және аймақтық қауіпсіздік мәселелері бойынша ұдайы диалог жүйесі орнатылған. Біз Орталық Азиямен қарым-қатынасымызды ұдайы нығайтуға ұмтыламыз және  Қазақстан мұнда аймақтағы негізгі мемлекет ретінде үлкен рөл атқарады. Қазақстан ЕҚЫҰ-ның Төрағасы ретінде халықаралық аренада үлкен беделге ие. Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Саммиті осы Ұйымның одан әрі дамуын айқындауға бағытталған. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша мен осы Саммитке қатысатын боламын. Бұл Қазақстан мен ЕО арасындағы тығыз өзара іс-қимылдың белгісі іспетті осы жылдағы үшінші кездесу болмақ, - деп атап өтті Херман Ван Ромпей.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар