Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

7 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары жалғасуда.
37.jpg

Еліміздің Президенті Қостанай Достық үйінің ашылу салтанатына қатысты.

 
- Осыдан бірнеше күн бұрын біз Астанада бірегей ғимарат – оның шаңырағы астына адамзаттың дінбасылары, әлемдік және дәстүрлі діндердің лидерлері жиналатын Бейбітшілік және келісім сарайы ашылды. Енді осында, Достық үйінің биік шаңырағы астында Қостанайдың барлық ұлттық-мәдени орталықтары жиналатын болады. Осы екі оқиғаны байланыстырып тұрған буын – Қазақстан халқының рухани жомарттығы мен данышпандығы және біздің мемлекетіміздің жоғары жауапкершілігі. Діндердің, мәдениеттер мен өркениеттердің арасындағы теңдік пен мүдделі диалог Қазақстаннның ішкі және сыртқы саясатының негізгі арқауы болып табылады. Осында тұратын және әртүрлі дінді ұстанатын жүзден астам ұлт өкілдері, барлық ұлттық-мәдени орталықтар осы теңдесіз байлығымызды – біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісімді алдағы уақытта да нығайта беретін болады, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 
Жаңа Достық үйінде облыстың 14 ұлттық-мәдени орталығы мен қауымдастығының кеңселері орналасқан.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар