Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

2 ақпан 2007
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға ресми сапары аясында Киевте қазақстан-украин бизнес-форумы болып өтті. Форум жұмысына екі елдің басшылары, үкімет мүшелері және Қазақстан мен Украинаның іскер топ өкілдері қатысты.

Форумды ашу кезінде Виктор Ющенко Украина қазақстандық инвестицияның келуіне аса мүдделі екенін атап өтті.


- Бұл біздің стратегиялық мүддеміз. Украин мемлекеті Қазақстан бизнесінің украин рыногында дамуы үшін толық қолдау көрсететін болады. Украина қазақстандық инвесторлардың украина рыногына кірігуі мәселенамасымен айналысатын тиісті комиссия құруға әзір, - деді Украина Президенті.


- Бізге елдеріміздің экономикасына бизнес пен капиталды өзара қатыстыруды кеңейту мен келешегі зор жобаларды жүзеге асыру үшін бар мүмкіндіктер мен тетіктерді іске қосу қажет, - деді Нұрсұлтан Назарбаев форумда сөйлеген сөзінде.


Қазақстан Президенті 2006 жылы 1,6 миллиард долларды құраған екіжақты сауда айналымының өсу қарқынын атап өтті. Соңғы алты жылда Украина экономикасына салынған қазақстандық қаржының көлемі 70 миллионнан астам долларды, оның ішінде тікелей инвестиция – 4 миллион долларды құрады.


Осы күні сондай-ақ Қазақстан басшысы Украинаның Даңқ монументіне гүл шоқтарын қойды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар