Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

16 қыркүйек 2006
Мемлекет басшысы сондай-ақ Алматы облысының Қаскелең қаласында орнатылған Наурызбай батыр ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
46.jpg

- Халқымыздың төл тарихы мен ғажайып тұлғаларын құрметтеп, ұлттың мәдени мұрасы мен рухани қазынасына қамқорлық жасау, тілі мен ділін көзіміздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа жеткізу – абыройлы міндет. Жерімізді жаудан азат етуде өшпес ерлік көрсеткен осындай баһадүр бабаларымыздың есімдері ұлтына ұран болып, мәңгі жасай бергей! – деді Нұрсұлтан Назарбаев ескерткіштің ашылу рәсімінде.

 
Қазақстандық мүсінші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі Нұрлан Далбайдың жобасы бойынша жасалған бұл ескерткіш батыр баба Наурызбай Құтпанбетұлының 300-жылдығына орай орнатылып отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар