Жаңалықтар

10 наурыз 2010
Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Әбіш Кекілбаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Мемлекет басшысының Өкімдерімен:
Сәкен Әділханұлы Жасұзақов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб бастықтары комитетінің төрағасы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;
Талғат Жеңісұлы Жанжүменов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне;
Мұрат Жәлелұлы Майкеев Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметіне;
Мүсілім Мұхтарұлы Алтынбаев «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне;
Василий Несіпқазыұлы Рысбаев «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметіне тағайындалды.

* * *

Мемлекет басшысының Өкімдерімен басқа жұмысқа ауысуларына байланысты:
Мұхтар Қапашұлы Алтынбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штаб бастықтары комитетінің төрағасы қызметінен;
Ратмир Әлімханұлы Комратов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен;
Владимир Александрович Шацков «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен;
Николай Николаевич Поспелов «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы қызметінен босатылды.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар