Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

11 мамыр 2006
Мемлекет басшысының Жарлығымен «Невада - Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Олжас Омарұлы Сүлейменов отандық әдебиетті дамытуға қосқан ерекше үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін және Семей ядролық полигонының жабылуының 15 жылдығына орай «Отан» орденімен наградталды.
251.jpg
 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ ЖАРЛЫҒЫ

 

О.О.Сүлейменовті «Отан» орденімен

наградтау туралы

 

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

 
1. Отандық әдебиетті дамытуға қосқан ерекше үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін және Семей ядролық полигонының жабылуының 15 жылдығына орай «Невада - Семей» антиядролық қоғамдық қозғалысының төрағасы, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО жанындағы Тұрақты өкілі Олжас Омарұлы Сүлейменов «Отан» орденімен наградталсын.

 
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының Президенті

 

Н.Назарбаев

 

Астана, Ақорда, 2006 жылғы 11 мамыр

№ 114


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар