Бөлімдер санаты

Жаңалықтар

3 желтоқсан 2010
Нұрсұлтан Назарбаев өзінің шақыруы бойынша Қазақстанға ресми сапармен келген Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишермен кездесті.
01.jpg21

Ақордада өткен ресми кездесу  рәсімінен кейін мемлекет басшылары   шағын құрамда келіссөз өткізді. Саяси  қарым-қатынастарды, сауда-экономикалық, инвестициялық, гуманитарлық  және мәдени салалардағы ынтымақтастықты  нығайту мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев екі жақты қарым-қатынастың дамуының оң қарқынын қанағаттанарлықпен атап өтті.

Австрияның Орталық  Азиядағы алғашқы және  әзірге жалғыз Елшілігінің Астанада ашылуы және Алматыда Австрияның сауда өкілдігінің ашылуы үлкен   маңызға ие.

Сауда-экономикалық ынтымақтастықтың айналымы еселеніп келеді. Ағымдағы жылдың 9 айында  екі жақты сауданың көлемі 2 миллиардтан  астам долларды  құрады, бұл 2009 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 2,3 есеге көп.

Бүгінде Қазақстанда австриялық капиталдың қатысуымен 92 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Австрияның Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестицияларының жалпы көлемі 1,9 милллиард долларды құрайды. Биылғы жылы қол қойылған Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім Қазақстан экономикасына салынатын   австриялық капиталды арттыруға жағдай жасап  отыр.


Барлық жаңалықтар
 
Басқа жаңалықтар
Барлық жаңалықтар